menu

+7 (727) 376 – 36 – 26

info@bdcconsulting.kz

  • English
  • Русский
  • Казахский
  • ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖОБАЛАРЫ

    tra

    ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК СЕКТОРЫНЫҢ ДАМУ САЯСАТЫНА ШОЛУ

          Бұл жобаның мақсаты –  қалалық көлікке басымдық бере отырып, Қазақстандағы қоғамдық көлік секторына кең ауқымды және кешенді шолу жүргізу. Талдау Алматы қ. үшін 2013-2023ж. тұрақты қалалық көлікті дамыту стратегиясы бойынша бұрын атқарылған жұмыстарға, сондай-ақ қалалық көліктің инфрақұрылымын жақсарту үшін қаржыландыру мүмкіндіктерін жетілдіру мен шешімдер қабылдауға ықпал ете алатын заңдағы кейбір өзгерістер туралы қосымша ұсыныстар беруге негізделеді.  «Қалалық қоғамдық көлік» деп ұғымы есепте жүйелер мен олардың объектілерін  сипаттау үшін  қолданылады, сонымен қатар қалалық жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға арналған құралдар мен жабдықтарды (мобильді, сондай-ақ стационарлық) қамтиды. Олардың қатарына, қалалардың түрлі аудандарында қолжетімді  жол және теміржол көлігінің түрлері (автобустар, троллейбустар, метро, жеңілрельсті көлік), сондай-ақ  жаяу және велосипедпен қатынау түрлерін қамтиды.   Тұтас көліктік жүйе тұрғысынан жекеменшік автомобильдер  де жолға ортақтасады, сондықтан ол да проблеманы шешу амалына қосылды. Анағұрлым кең анықтама аясына көлік  тұрақтарын басқару сехамалары, велосипед жолдарының желісі мен тұрақ объектілері, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі мен сәйкес басшылық кіреді.  Қоғамдық көлікті дамыту деңгейі дамыған инфрақұрылым, тұрақты көлік жүйесі,  қоғамдық көлікті  ұйымдастыру мен басқару деңгейі,  көлік жүйелерінің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейінің болуына тәуелді қалалық мобильділікті дамыту варианттарына тікелей әсер етеді. 

          ETC Транспорт Консалтентс ГмбХ пен BDC Consulting бірлесе  дайындаған есепке кешенді талдау нәтижелері, сондай-ақ халықаралық тәжірибе мен Қазақстандағы практика негізінде  қоғамдық көлік секторын жақсарту мен дамыту жөнінде дайындалған ұсынымдар енгізілді.  Бұл ұсынымдар заң шығару, реттеу және институциялық шеңберлерді жақсартуға, сондай-ақ Қазақстандағы тұрақты қоғамдық көліктің дамуын одан әрі ілгерілетіп, көлік қозғалысынан шығатын зиянды заттар мөлшерін азайтуға бағытталған.    

    ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ АВТОБУС ПАРКІН ЖАҢҒЫРТУ

          Еуропа Қайта құру және даму банкінің жобасы сауда-саттық өткізудің жаңа режимін енгізу арқылы қалада қоғамдық автобус қатынасы жүйесінің стандарттарын арттыру мақсатында халыққа автобустық қызмет көрсету жүйесінің нормативтік базасын реформалауға ықпал етті, ол барлық операторлар қызметінің кіріс алу жағын теңестіруге мүмкіндік берді. Осы жоба аясында  конкурс  өткізіліп, халыққа қызмет көрсетуге (ХҚКШ)  және жол жүру билеттерін сатудың автоматтандырылған есебінің кешенді жүйесін құруға арналған тиісті шартқа қол қойылды.

          Жоба шеңберінде  Еуро 4-6 стандарттарына жауап беретін, сығылған табиғи газда жұмыс істейтін 100 жаңа автобус сатып алынды.  Жоба Қызылорда қаласының қоршаған орта сапасын жақсартуға ықпал етеді, жолаушылар жиналып қалуын азайтып,  жалпы  қала көлігінің сапасы мен тиімділігінің арттырады. 

          Сондай-ақ Қызылорда қаласының әкімдігіне СТГ-да жұмыс істейтін автобустар сатып алуға; жаңа депо, жаңа  СТГ құю станциясы салуға, жол жүру билеттерін сатуды автоматтандырылған есепке алу жүйесін құрып, оған қажетті сатып алуды ұйымдастыруға, сондай-ақ осы операциялардың барлығын мониторинг жасауға; кампания үшін ұйымдастыру әлеуетін  арттыратын бағдарлама әзірлеуге, оның ішінде ұйымдық құрылымды қалыптастырып, функцияларды анықтауға, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен басқару жүйелерін құруға; техникалық қызмет көрсету және т.б.  бірқатар функцияларды  жекеменшік секторға беруде көмек көрсетілді, сондай-ақ жол жүру билеттерін сатудың автоматтандырылған есебін жүргізетін ресми жүйені енгізуге қолдау көрсетілді.      

          ETC TRANSPORT CONSULTANTS GMBH, GERMANY және  BDC Consulting жобаның «экологиялық және әлеуметтік кешенді тексеру» бойынша конслтингілік қызметтер ұсынды. Оның аясына жолаушылар тасымалы қызметтерін ұсынатын «Қызылорда қ. автбоус паркінің» экоәлеуметтік менеджменті жүйелерін, объектілері мен операцияларын, сондай-ақ оның жоспарланған басым инвестицияларын, олардың ЕҚҚДБ жобаларын іске асыруға қойылатын талаптарға сәйкестігін талдау кіреді.  Кешенді тексеру барысында айқындалған кез келген экологиялық, әлеуметтік проблемаларды жою мақсатында экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспары (ЭӘІЖ) әзірленді. Ол қысқа мерзім ішінде халықаралық техникалық регламенттерді сақтауға  мүмкіндік береді.

    АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙДЫҢ ҰШУ-ҚОНУ ЖОЛАҒЫН ЖАҢҒЫРТУ

          Қазақстан даму банкі – елдегі негізгі қаржылық даму институттарының бірі, оның портфелінде осындай кредиттік ұйымның қарызгермен  жұмысының ерекшеліктерін қадағалауға болатын  жобалар да бар. Бұған үш жылға созылған Ақтау халықаралық әуежайына қарыз беру жағдайы мысал болады. Әуежайдың алдында жобаның техникалық паспортын әзірлеу бизнес-міндеті тұрды, өйткені күрделі инженерлік шешімдер талап етілді. ҚДБ, негізгі кредитор ретінде, жұмыс барысының әрбір кезеңіне мұқият мониторинг жүргізіп отырды. Банктегілер тап осы дайындық кезеңіне уақыт және еңбек ресурстары көп жұмсалғаны айтады. «Сәйкестік сертификаты және сатып алынатын материалдар мен жабдықтардың техникалық ерекшелігі, персоналдың біліктілік деңгейі, бейіндік ведомстволар тарабынан ескертулерді жою –  банктың кредит сарапшылары жобаның барлық қыр-сырымен үңіле танысты.  Мұндай ауқымды әрі техникалық тұрғыдан күрделі жобаны іске асыруда ұсақ-түйек болмайды. Қайта, жүзеге  асыру кезеңінде аңғарғанымыздай, нөлдік сатыдағы, яғни іске кіріспей тұрып  әр нәрсені мұқият ойластыру тәуекелдерді барынша азайтып, одан әрі белгіленген мерзімдер межесінде жұмыс істеуге мүмкіндік берді».  Банк техникалық және заңдық тұрғыдан ескертулер жасап, шығыстар бөлігі мен болашақ кірістерді егжей-тегжейлі пысықтауды талап етті. Нәтижесінде, тұтас жоба мен оны іске асыру процесін тиянақты жазып қана қоймай, кемшіліктер жойылды.  Бұл реконструкция қандай да бір іркіліссіз жүргізілетініне кепілдік берді. Жоба бойынша шығындарды басқару мен мониторинг үшін ЕБД кеңесі бойынша COWI RU (Ресей) және BDC Consulting мамандандырылған консалтингілік компаниялары тартылды.

          «Банкпен ұзақ уақыттағы жұмыс оң ықпал етті, әуежайдың  техникалық жай-күйіне, сондай-ақ басқару деңгейіне толық мониторинг жүргізілді», – деп атап өтті  отырыстардың бірінде директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Досаев. 

          Ақтау халықаралық әуежайы ішкі және халықаралық рейстер ағынын арттырды. Қазіргі кезде жолаушылар ағынының жыл сайынғы өсуі  орташа есеппен  30% құрайды. Өткізу қабылеті ұлғайып, кез келген типтегі әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік алды, бұл халықаралық авиатасымалдаушылардың артуына ықпал етеді. Бұл ретте, әуежай өкілдері болашақта мұнда логистикалық паркті салу жоспарланып отырғанын айтты. Бұл -мүмкіндіктердің біреуі ғана. Бүгінде Ақтау әуежайы  Алматы және Нұрсұлтан Назарбаев әуежайларынан кейін тасымалдау саны мен көлемі бойынша ҚР-да үшінші орынды иеленеді.  Ақтау әуежайында жиырмадан астам отандық және шетелдік авиакомпанияға қызмет көрсетіледі. Ақтау қаласының стратегиялық тиімді орналасуы Парсы шығанағынан келетін транзиттік жүк ағынын реттейтін Солтүстік-Оңтүстік көліктік дәлізіне қатысып, өз қызметін ұсыну бойынша айтарлықтай бәсекелестік артықшылық  туғызып тұр.