menu

+7 (727) 376 – 36 – 26

info@bdcconsulting.kz

  • English
  • Русский
  • Казахский
  • ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖОБАЛАРЫ

    tec

    ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫН ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ

      Еуропа Қайта құру және даму банкі  Қызылорда қаласын орталықтандырылған жылумен жабдықтаумен айналысатын муниципалды компания – «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қаладағы орталықтандырылған жылумен жабдықтау инфрақұрылымын қайта құру және жаңғырту мақсатында басым инвестициялар бағдарламасын (БИБ) жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін кредит ұсынды. 

          Жоба желілерді қайта құру, бірқатар газ турбиналарын ауыстыру, сондай-ақ жылумен жабдықтауды автоматтандырылған бақылауды және реттеуді қамтамасыз ететін жылу есептегіштермен жабдықталған  жеке қазандықтарды («ЖҚ») орнату  арқылы орталықтандырылған жылумен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғырту мен оңтайландыру шараларын көздейді. Бұл энергия тиімділігін арттыруға, ыстық су шығыны мен жүйедегі жылу ысырабын азайтуға, сондай-ақ экологиялық талаптарды бұлжытпай орындауға мүмкіндік береді.

         «СЕСТ Инфраструктурный Консалтинг» ЖШҚ мен BDC Consulting тауарлар мен қызметтерді сатып алуға көмектесуді қоса алғанда, жобаны іске асыруды қолдау  қызметін ұсынады. Қазіргі кезде жоба жүзеге асып жатыр.   

    ОРАЛ ҚАЛАСЫН ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІН ӘЗІРЛЕУ

           «Жайықжылуэнерго» АҚ ауқымды жаңғыртуға дайындалып жатыр. Еуропа Қайта құру және даму банкі осы мақсатта 6,2 млрд теңге сомасында қаржы бөлді. Орал ЖЭО 1176 көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарын жылумен қамтамасыз етеді. Станция 55 жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Ал қала барған сайын, дамып жатыр. Сондықтан стратегиялық объектіні жаңғырту – қажетті шара. Өйткені қазіргі сәтте  ЖЭО-ның пайдалы әсер коэффициенті  50%-дан төмен. Жаңғырту жұмысы бірнеше кезеңдерге бөлінеді.  ЖЭО-ны  жаңғыртқаннан  оның қуаттылығы едәуір артады.

           CES Austria және BDC Consulting мамандары  жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірледі.

    «АҚТӨБЕ ЖЭО» ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

             Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстанның солтүстік батысындағы Ақтөбе қаласында орналасқан, газбен жұмыс істейтін жылу электр станциясы – Ақтөбе ЖЭО-ні жаңғырту және тиімділігін арттыру бойынша инвестициялық бағдарламаны қаржыландырады. Қазіргі уақытта АЖЭО 9 бу қазандығына, 6 бу турбогенератор қондырғысына, 5 су қазандығына және қажетті қосалқы жүйелерге иелік етіп, пайдаланып отыр. 

         Консультанттардың жалпы міндеті – тендерлер өткізу процесінде жобаны іске асыру тобында АЖЭО-ға көмек көрсету, жобалау, жабдықты жеткізу, монтаж және құрылғылар мен жабдықтарды іске қосуды  қамтитын шарттардың орындалуына (Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес) техникалық қадағалау жүргізу және әкімшілендіру.  Жоба ауысу процесіне елеулі әсер етеді: аяқталғаннан кейін тиімділікті артуын қамтамасыз етеді, ал ілеспе газды пайдаланудың арқасында ЖЭО қуаттылығын ұлғайту электр энергиясын өндірген кезде көміртегі аз қарқынды отынға ауысуға ықпал ететін болады.