menu

+7 (727) 376 – 36 – 26

info@bdcconsulting.kz

  • English
  • Русский
  • Казахский
  • СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖОБАЛАРЫ

    ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫН СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ

          Еуропа Қайта құру және даму банкі қаржыландырып отырған жоба «Қызылорда су жүйесі» МКК-ге қаланың ақпа суы мен сумен жабдықтау жүйесін оңалтуға және жаңғыртуға техникалық көмек көрсетуді көздейді. Кредит Қызылорда қаласының  сумен жабдықтау және ақпа суының ескірген инфрақұрылымын ауыстыру мен жаңғыртуға, сондай-ақ энергия тұтыну мен су ысырабын азайтуға,  сумен жабдықтау қызметінің  сенімділігі мен сапасын  арттыруға, техникалық қызмет көрсету мен пайдалану шығыстарын азайтуға, сондай-ақ заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес  қоршаған ортаға жағымсыз әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру нәтижесінде  энергия тиімділігі жақсарып,  су ысырабы едәуір төмендейді.   

          «Corporate Solution» (Великобритания)  BDC Consulting компаниясымен бірге жобаны жүзеге асыруға қолдау қызметін ұсынады. Қызмет аясына тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сондай-ақ кәсіпорынның корпоративтік даму  бағдарламасын әзірлеу, “Қызылорда су жүйесі” МКК-ні басқаратын жекеменшік операторды тарту үшін басқару қызметтерін ұсыну шартын (БҚҰШ) енгізу кіреді.  

    АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫН СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ

          Еуропа Қайта құру және даму банкі Ақтөбе қаласын сумен жабдықтауға және су бұруға жауапты «Ақбұлақ» акционерлік қоғамына кредит берді. Бұл кредит  сумен жабдықтау жүйесінің ескірген бөлігін ауыстырып, мекеме басқаруындағы ақпасуды тазарту жүйесін жаңғыртуға  мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру нәтижесінде энергия мен су ысырабы  азаяды,  сумен жабдықтау қызметінің сенімділігі мен сапасы артады, қызмет көрсету мен пайдалану шығындары төмендеп, қоршаған ортаға жағымсыз әсері азаяды. 

         Жоба қала әкімдігі мен «Ақбұлақ» АҚ арасында халықаралық стандарттар негізінде жаңартылған қызметтер көрсету шартын (ККШ) әзірлеу мен қол қоюды қамтамасыз етеді. Шартта реттеуші органмен келісілген басым инвестициялар  бағдарламасына сәйкес  тұтынушылардың барлық топтары үшін  көрсетілетін қызметтер  құнының толық көлемін есепке алатын суды пайдаланудың коммерциялық тарифтерін енгізу; анағұрлым экономикалық тиімді қызметтер негізінде басқару тиімділігін ілгерілету мақсатында жекеменшік операторларды тарту үшін іс-қимылдар жоспарын әзірлеу мен мүмкіндігін зерделеу: қаржылық және операциялық көрсеткіштерді жақсарту бағдарламасын (ҚОКЖБ) әзірлеу мен енгізу; корпоративтік бизнес-жоспар әзірлеу мен қабылдау; ақпараттық басқару жүйесін (АБЖ) әзірлеу мен енгізу; мүдделі тараптардың қатысу бағдарламасын (МТҚБ) іске асыру; тарифтерді есептеу әдіснамасын әзірлеу мен қабылдау шаралары қарастырылған.

    АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ СУ ТҰЩЫТУ ЗАУЫТЫ

          Су тұщыту зауытына меншік құқығы «Каспий» ӘКК-ге еншілес компаниясы ретінде 2014  жылы құрылып, мемлекет меншігіне берілген «Каспий»  су тұщыландыру зауыты» ЖШС-ға тиесілі.  Кәсіпорын жүргізген жөндеу жұмыстары мен басқа да қалпына келтіру іс-шаралары нәтижесінде 2015 жылы белгіленген қуаттылық тәулігіне 10 мың текше метрге дейін көтерілді. Мұнайлы ауданының кенттеріне  ауыз су жетті. Ауыз судың өнімділігі тәулігіне 4,5 мың текше метр болған кезде,  шамамен 90 мың адам  сумен қамтылды.

          Жергілікті бюджеттен зауытты жаңғыртуға 1 млрд 600 млн теңге бөлінді. Алдын ала 2017  жылы аяқтау жоспарланып отырған жаңғыртудың екінші кезеңі зауыттың қуаттылығын тәулігіне 40-60 мың текше метрге дейін ұлғайтуды көздейді. Аталған зауыт суды кері осмос әдісімен тұщытады. Бес жыл бұрын осы технология бойынша әлемде теңіз суының 30%-ға жуығы, ал термиялық дистилляция әдісімен  70%-ға жуығы тұщытылды.  Қазір жағдай өзгерді: судың 70%-ға жуығы кері осмос әдісімен тұщытылады.

           2013 ж. Seureca (Франция), COWI RU (Ресей) және «BDC Consulting  компанияларының консорциумы әзірлеген техникалық-экономикалық негіздеме кері осмос технологиясын қолдана отырып, су тұщыту зауыттарын жаңғыртуға жұмсалатын ықтимал кредит көлемінің экономикалық және техникалық тиімділігін бағалады.  Техникалық-экономикалық негіздеме жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыру мақсатында тиісті келісулер мен Мемлекеттік сараптамалық бағалау (Мемлекеттік сараптама) талаптарына сәйкес келеді.    

    АҚТАУ ҚАЛАСЫН СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ

          Маңғыстау облысы әкімдігі, «КЖСА» МКК және Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) арасында «Ақтау қаласын Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту» жобасын жобалық қолдау туралы кредиттік шартқа қол қойылды.  

          8 млн. АҚШ доллары мөлшерінде жеңілдікпен қарыз тартылған  ЕҚДБ мен  облыс әкімдігінің «Ақтау сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту» бірлескен жобасы мен  «ТВСиВ МКК-ға  кредит қабылеттілігін нығайту үшін 1,5 млн АҚШ долларына дейінгі  мөлшерде техникалық көмек грантын беру – Қазақстандағы алғашқы жоба.  

          Қазіргі сәтте қаражаттың бір бөлігі жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге жұмсалды. Бұл жергілікті билікке қаланың ТКШ-да қандай проблемалар бар екенін, сондай-ақ қайсысын бірінші кезекте шешу қажеттігін түсінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ консультанттар тарабынан басым инвестициялар бағдарламасы әзірленді. 

    АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫН СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ

          Ақтөбе қаласы сумен жабдықтау және су бұру секторын елеулі түрде реформалау кезеңін бастан өткеріп жатыр. 15 жылдан бері бұл сектор инвестиция жетіспеушілігінен зардап шегіп, оның салдары  инфрақұрылым объектілерінің едәуір бөлігінің  тозуына, сөйтіп сумен жабдықтау және су бұру қызметтері сапасының нашарлауына әкеліп соқты.  

          Қазақстан  Үкіметі  қолданыстағы заң аясында МЖӘ-нің сенімді және жұмыс құрылымдарын енгізу жөніндегі ұсыныстарды, сондай-ақ  активтерді жеке операторға басқарту формаларының өзге де мүмкіндіктеріне  қосқанда, инвестициялық климатты жақсарту және жеке инвесторларды тарту бойынша ұсынымдарды дамытуға  баса көңіл бөле отырып, сумен жабдықтау мен су бұруды басқару секторындағы жобаларды дамытуға ықпал ету туралы өтінішпен Еуропа Қайта құру және Даму банкіне жүгінді.  

     

    Техникалық-Экономикалық Негіздемені Әзірлеу

          COWI компаниясының мамандары BDC Consulting мамандарымен бірге «Ақбұлақ» АҚ кәріз тазарту құрылыстарын жаңғыртудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу қызметін ұсынды.  Ұсынылған технология тазарту деңгейін шөгіндіні толық кәдеге жарата отырып, балық шаруашылығы мақсатындағы көрсеткіштерге дейін жеткізуді көздейді. Сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жаңғырту құны 16  миллиард теңгені құрайды. 

     

    Корпоративтік Даму Бағдарламасын Іске Асыру

           «Corporate Solution» (Ұлыбритания) халықаралық консалтингілік компаниясы  BDC Consulting ұйымымен бірге тауарлар мен қызметтерді сатып алуға көмек көрсетуді қоса алғанда, жалпы, жобаны іске асыруды қолдау бойынша қызметтерді ұсынады.   

          Жоба  қала әкімдігі мен «Ақбұлақ» АҚ арасында халықаралық стандарттар негізінде  жаңартылған  қызметтер көрсету шартын (ҚКШ) әзірлеу мен қол қоюды: тіркеуші органмен келісілген басым инвестициялар бағдарламасына сәйкес тұтынушылардың барлық топтары үшін қызметтер құнының толық көлемін есепке алатын, суды пайдаланғаны үшін коммерциялық тарифтерді енгізуді; экономикалық тұрғыдан анағұрлым тиімді қызметтер негізінде басқару тиімділігін жылжыту мақсатында жеке операторларды тарту үшін іс-қимылдар жоспарын әзірлеу мен мүмкіндігін зерттеу: қаржылық және операциялық көрсеткіштерді жақсарту бағдарламасын («ҚОКЖБ») әзірлеу және енгізу; корпоративтік бизнес-жоспарды әзірлеу және қабылдау; ақпараттық басқару жүйесін («АБЖ») әзірлеу және енгізу; мүдделі тараптардың қатысу бағдарламасын  («МТҚБ») іске асыру; тарифтерді есептеу әдістемесін әзірлеу мен қабылдауды қамтамасыз етеді.