menu

+7 (727) 376 – 36 – 26

info@bdcconsulting.kz

  • English
  • Русский
  • Казахский
  • ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ БОЙЫНША ЖОБАЛАР

    eco

    ҚЫЗЫЛОРДА ЭЛЕКТР ТАРАТУ ЖЕЛІСІ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ

             2014 жылғы 18 қарашада Лондон қаласында  ЕҚҚДБ мен арада кредит шартына қол қойғаннан кейін Еуропа Қайта құру және даму банкімен бірлесе Қызылорда облыстық электр желілерін жаңғырту жобасы басталды. Кредиттік келісімнің жалпы сомасы 5,7 млрд. теңгені құрайды.      

          Бұл жобаны іске асыру электр желісіндегі кернеу режимін жақсартуға, желілердің өткізу қабілетін арттыруға және электр энергиясы ысырабын төмендетуге ықпал етеді. Пайдалану шығындары  80%-ға, ал электр желілерінің қызмет ету мерзімі 40 жылға дейін ұлғаяды. Осылайша,  үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету үшін ҚЭТК дамытуға инвестициялар тарту міндеті  кезең-кезеңмен шешілетін болады. 

          ЕҚҚДБ техникалық  жәрдемдесу бағдарламасы шеңберінде жоба консультанттары таңдалды.

          2016 ж. мамырдан бастап жалпы сомасы 4,6 млн АҚШ долларына 3 іріктеу жүргізілді. Корпоратвитік даму бағдарламасын дайындау, жобаларды іске асыру тобын құру және қызметкерлерді оқыту, сервистік шарттар  мен қызмет көрсеткіштерінің жүйесін әзірлеуге жәрдемдесу, келісімшарттарды басқару мен әкімшілендіру жәрдемдесуді қоса алғанда, нақты инвестициялық бағдарламаларды іске асыратын  кәсіпорынның корпоративтік және институционалдық даму жоспарларын әзірлеу мен сүйемелдеуді BDC Consulting компаниясымен бірге Corporate Solution (Ұлыбритания) компаниясы жүзеге асырады.

          Жоба барысын бақылау мен қадағалауға (сапаны бақылау, құрылысты қадағалау, жұмыстың орындау мерзімдерін бақылау, персоналды оқыту)  BDC Consulting мекемесімен AF Mercados консалтингілік компаниясы тартылды.