menu

+7 (727) 376 – 36 – 26

info@bdcconsulting.kz

  • English
  • Русский
  • Казахский
  • ҚТҚ КӘДЕГЕ АСЫРУ ЖОБАЛАРЫ

    tverdye-bytovye-otkhody

    ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ МЕН СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖОБАСЫ

          Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласы мен Семей қаласы қатты тұрмыстық қалдықтарды  басқару жөніндегі қазіргі заманғы кешенді кәсіпорын құру, сондай-ақ қалдықтарды заңсыз тастау проблемасын шеше отырып, қазіргі ҚТҚ  полигонын жабу жоспарланып отыр. Жоба барысында биоқалдықтар мен өзге де қалдықтарды бөлуді көздейтін, қалдықтарды өңдеу мен кәдеге асыратын жаңа жүйені енгізу ұсынылады. Көп пәтерлі және жекеменшік үйлерден жиналған коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарды, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдардың қалдықтарының барлығы бөлек жиналып, одан әрі өңдеу үшін тазарту құрылыстарына жөнелтіреді. Бұл, өз кезегінде, қалдықтардың  заңсыз тасталуын жояды.

          Инвестициялардың жалпы мақсаты – қызмет көрсету сапасын жақсарту, тиімділікті арттыру, Өскемен қаласы мен Семей қаласындағы қатты қалдықтарды басқару жүйенің экологиялық және әлеуметтік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету

    Қалдықтарды жинаудың жаңа жүйесіне мыналар кіреді:

    • биоқалдықтар және қалдықтарды бөлек жинауға арналған жаңа контейнерлер;
    • қалдықтарды жинау және тасымалдау жүйесін жетілдіру мақсатында биоқалдықтар үшін жаңа қоқыстасығыштар;
    • биоқалдықтарды бөлек жинауды көздейтін, қалдықтарды басқарудың жаңа жүйесі туралы көпшілікті хабардар ету.

          ҚТҚ жаңа полигондары халықаралық және еуропалық экологиялық және санитариялық нормаларға сәйкес жобаланып, салынады.  

          Қазіргі уақытта GWCC-INTERIVAL ZT GmbH халықаралық мамандары  BDC Consulting мамандарымен бірге техникалық-экономикалық зерттеу және жобалар инвестицияларына негіздеме әзірлеуде. 

    АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ

     

    Үкімет 2014-2050 жылдарға арналған қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасының жобасын мақұлдады. ҚТҚ басқарудың жаңа жүйесі бұл ретте жасыл экономика принциптерін сақтай отырып, аталған секторды бизнес үшін  тартымды етеді деп күтілуде.  

     

          Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту мәселесі  Премьер-Министр Серік Ахметовтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында қаралды. Отырыс барысында  жылдан-жылға Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі артып жатқаны айтылды. Бұл ретте, қалдықтар алдын ала сұрыптаусыз және заласыздандырылмай полигондарға орналастырылады.

          «Полигондардың барлығы дерлік өздерінің әрекет ету мерзімін сарқыған, оларды қалпына келтіру, қоқыс газды жинау, сондай-ақ жаңа өңірлік  инженерлік полигондар салу қажет.  Республикада  қайталама  материалдық ресурстар, сондай-ақ жасыл энергия мен компост өндіру үшін биологиялық ыдырағыш фракциялар алынатын қоқысты қайта арту станциялары жұмыс істемейді». 

          Осы отырыс негізінде «Алматы қаласындағы Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту» жобасы үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу қызметтерін көрсетуге Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДМ) мен «Алматы қаласының. Даму орталығы» АҚ (Алматы қ. Әкімдігі) арасында  шартқа қол қойылды.  Қаржы моделін және жобаны іске асырудың түрлі варианттарын әзірлеу үшін BDC Consulting ұйымымен бірге халықаралық консультант ретінде COWI (RU) тартылды.

          Консультанттар бағдарламаның негізгі мақсаттары анықтады. Контейнерлер паркі мен қоқыс тасығыштарды жаңарту арқылы ҚТҚ тасып шығару қызметімен халықты қамту пайызын ұлғайту ұсынылды, бұл қалдықтардың уақытылы әкетілуін қамтамасыз етеді.  

         Сондай-ақ биологиялық ыдырағыш қалдықтарды бөлек жинау, қаптауыш материал қалдықтарын жинау, қауіпті тұрмыстық қалдықтарды жинап,  кәдеге асыру жүйесін енгізу; 2050 жылға қарай санитариялық полигондар үлесін 100%-ға дейін ұлғайту, сондай-ақ қалдықтардан жасыл энергия өндіру деңгейін арттыру мақсаты белгіленді.   

     

    АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖОБАСЫ

     

         Еуропа қайта құру және даму банкі  арнайы Қазақстан үшін құрылған қоқыс өңдеуді қаржыландыру механизмі шеңберінде қазіргі заманғы қоқыс өңдеу нысанын салу мақсатында Ақтау қаласындағы қоқыс тазалаумен айналысатын «Көктем» мемлекеттік коммуналдық шаруашылығы кәсіпорнына 18 млн. АҚШ долларына дейінгі сомада (13 млн. еуро) кредит қаражатын бөлді. Маңғыстау облысының әкімдігі Ақтау қаласында заманауи қоқыс өңдеу комибинатын салуды жоспарлап отыр. Қоқыс жинау мен өңдеудің қолданыстағы әдісі жиналған қоқыстың басым бөлігін сұрыптаусыз қоқыс үйіндісіне жөнелтетін Кеңес дәуірінен мұраға қалған. Қазіргі заманғы қоқыс өңдейтін комбинатты құрудың негізгі артықшылықтары:    

    1. қалдықтарды көму көлемі қысқарту;
    2. CO2 мен метан шығарындыларының төмендету;
    3. ресурстарды қайтадан пайдалану және кәдеге асыру ауқымын кеңейту;
    4. экологиялық таза электр энергиясын өндіру арқасында экологиялық стандарттар деңгейін жоғарылату болып табылады.

          Бірінші кезектегі инвестициялардың толық бағдарламасымен қоса техникалық-экономикалық негіздеме дайындау бойынша консалтингілік қызметтерді қоқыс жинау мен қайта өңдеуді ұйымдастыру саласындағы ұлттық заңнамаға және ЕО заңдарына, сондай-ақ  бұрын свалкаға жіберілген бағалы фракциялардың қалалық қатты қалдықтары  ағынынан белсенді түрде алуға мүмкіндік беретін қоқыс сұрыптау  кәсіпорнының қатты қалдықтарды  жинау және қайта өңдеу жүйесін қосқанда, қалдықтардың нақты ағындары мен қоқыс жинау мен қайта  өңдеу  жөніндегі қызметін реттеуші заңнамаға сәйкес  COWI RU (Ресей) және  BDC Consulting ұсынды.  Бұл ретте, түпкілікті жоюға жөнелтілетін қоқыс көлемі  50–55%-ға қысқарады. Биологиялық ыдырағыш қалдықтар фаркциясының басым бөлігі енді анаэробтық қайта өңдеуге түседі.  Бұл, өз кезегінде, бірқатар қосымша артықшылықтар береді, атап айтқанда:

    • қоқыс үйіндісінде фильтрат түзілу тәуекелін қысқартады, ал бұл топырақ пен жерасты суларының ластану тәуекелінің айтарлықтай төмендейтінін білдіреді;
    • қоқыс үйіндісінің санитариялық жай-күйін жақсартып, еңбек жағдайының жақсартады;
    • қоқыс үйіндісінде өрт шығу тәуекелін айтарлықтай төмендетеді, ал бұл жұмысшылар еңбегінің қауіпсіздігін қорғауды жақсартып, қала халқына келетін залал салдарын жұмсартады және атмосфераға шамадан тыс зиянды заттардың жайылу қаупін азайтады;
    • жалпы, қоқыс үйіндісіне әкелінетін қоқыс бұрынғыға қарағанда, анағұрлым инертті сипатқа ие болады.