menu

+7 (727) 376 – 36 – 26

info@bdcconsulting.kz

  • English
  • Русский
  • Казахский
  • Компания туралы

    МИССИЯCЫ

    Инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен Қазақстанның экономикалық дамуына ықпал ету.

    МҮМКІНДІКТЕР

    Біздің компаниямыз оңтайлы және тиімді шешімдерді таңдау мақсатында кешенді консультациялар көрсетеді. Жобаларды іске асырған кезде компания әлемдік озық практикаға бағдарланады және нақты идеяларды іске асырған кезде жобалау қызметінің халықаралық аспектілеріне интеграцияланады.

    ҚҰНДЫЛЫҚТАР

    Ұзақ жылдар бойы жоғары іскерлік атақ
    Кәсібилік, тиімділік және жетілдіру
    Менеджмент пен компания қызметкерлері алдындағы жауапкершілік
    Клиенттеріміз арасындағы жауапкершілік
    Өзіне алған міндеттемелерді орындау
    Біздің қызметтеріміздің сапасы

    АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

    Біз муниципалды инфрақұрылым, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс үшін сыртқы және инженерлік жүйелерді салу мен жобалауда инженерлік міндеттерді кешенді шешуге маманданамыз. Компания ҚР бюджеті мен халықаралық қаржы инстиуттары қаржыландыратын жобаларға қатысады.

    ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 

     

          BDC Consulting инвестициялық жобалардың: жоспарлау, дайындау, іске асыру, пайдалану және аяқтау сияқты бүкіл өмірлік циклін іске асырумен байланысты консультация берудің барлық негізгі бағыттары бойынша қызметтерді ұсынады.

          Инвестиция салу алдындағы зерттеулер және инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды жоспарлау мен дайындау: муниципалды жолаушылар көлігі, сумен жабдықтау және кәріз жүйесі, орталықтандырылған жылыту және ыстық сумен жабдықтау, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу (техникалық жаңғырту, қайта құру және оңтайландыру, жаңа құрылыс) секторларындағы (өңірлік, муниципалды, қалалық) коммуналдық кешен жүйелерінің ұзақмерзімді және перспективалық даму бағдарламаларын,   тұжырымдамаларын әзірлеу; Көлік, сумен жабдықтау мен су бұруды дамытудың  перспективалық (негізгі) схемаларын әзірлеу (инженерлік схемаларды әзірлеу);

          Заемдық қаржыландыруды тарта отырып немесе мемлекет пен жекенің әріптестік (МЖӘ)  амалдары арқылы іске асырылатын басым инвестициялық бағдарламаларды жан-жақты техникалық-экономикалық негіздеу: жаңа объектілер құрылысының  экономикалық және техникалық аспектілерін бағалау, жолаушылар көлігі, сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау жүйелерін, сондай-ақ муниципалды көліктің инженерлік тарату және магистральді тораптарын  жаңғырту және қайта құру; коммуналды және өнеркәсіптік инфрақұрылым құрылыстарының (объектілерінің) кешенді техникалық және технологиялық шешімдерін таңдау мен негіздеу; жобаларды іске асырудың ықтимал қаржылық және экономикалық әсерлерін (үнемдеуді) бағалау; халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алу мүмкіндіктерін бағалау.

          Муниципалды кәсіпорындарды қайта құрылымдаған кезде ұйымдық дамуды институционалдық қолдау және оған ықпал ету: стратегиялық бизнес-жоспарлау, корпоративтік даму бағдарламасын әзірлеу, қызмет тиімділігінің нысаналы көрсеткіштері жүйелерін бағалау және әзірлеу, оның ішінде мемлекеттік бақылаушы орган мен кәсіпорын арасында шарттық қатынастар үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау, кредит қабілеттілігін бағалау, мемлекет пен жекенің әріптестігі схемаларын бағалау.